Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер терезеден кіріп, тұрғынның үйін тонаған адамды қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер терезеден кіріп, тұрғынның үйін тонаған адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреу үйіне терезесі арқылы кіріп, құны 38 400 теңге тұратын қол сағатын, 210 мың теңге ақшасын және құны 18 мың теңгені құрайтын болгарканы ұрлап кеткенін көрсеткен.Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті азамат анықталды.Қазіргі таңда жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру