Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейтаныс адамға сенген семейлік алданып қалды

Семейлік тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында 32 жастағы Семей қаласының тұрғыны   танымал сайттардың бірінен газоблок кірпіштерін сату туралы хабарландыру көреді. Құрлысқа қажет болған соң хабарландыру иесімен қала орталығында кездесіп, оның  “нарық бағасынан арзанға кірпіш тауып беремін” деген сөзіне сеніп, алдын ала төлем ретінде 168 мың теңге ақшаны санап берген.  
Кейіннен жәбірленуші қалаған өнімді ала алмай, алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, 9 қазан күні Орталық полиция бөліміне арызбен жүгінеді.  

Аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері алдау және сенімге қиянат жасау жолымен оның ірі көлемде ақшасын иемденген, жұмыссыз, бұрын сотты болмаған 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтайды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, алған ақшаны өз қажетіне жұмсағанын белгілі болды.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде, – деді Семей қ.Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру