Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды

Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт жігіт негізінен қаланың орталық бөлігінде қарақшылық әрекет жасап жүрген. Олар өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондар мен ақшаларын тартып алған.

– Қазір төрт жәбірленуші полицияға арыз жазды. Қаскөйлер кешкі уақытта физикалық күш қолданамын деп қорқытып азаматтардың жеке мүлкін тартып алды. Оңай ақшаға құмарлар ұсталды. Тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындады. Бірқатар эпизодтар бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Айтпақшы, бұрын “қылмыстық төрттіктің” ешқайсысында да заң бойынша мәселелер болған жоқ. Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру