Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғыннан суық қару тәркіледі

Шымкенттік полицейлер тұрғыннан суық қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкері Е. Аманқұл қызмет атқару кезінде Бәйдібек би даңғылы бойында жаяу жүргіншілер өткелінен күмән тудырған азаматты байқаған. Аталған жайт 14 қазан кешкі сағат 21:00 шамасында орын алды.

Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, құжаттарын сұрағанда азаматтың қалтасынан қаруға ұқсас затты байқады. Ер адам Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру