Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған мектеп оқушысын тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған мектеп оқушысын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні сағат 19:00-де Шымкент қаласы Бозарық елді мекені Дирмен көшесінің тұрғыны Қаратау ауданы Полиция басқармасына келіп, жасөспірім қызының жоғалғаны туралы арызданған.

Анасының айтуынша, қызы таңғы сағат 08:30 шамасында үйден мектепке шығып кетіп, қайта оралмаған. Арыз бойынша аталған мекенжайға басқарманың жедел-тергеу тобы шығып, іздеу шараларын бастаған. 

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен баланың іздеу шараларына қосымша Қаратау ауданы Полиция басқармасына қарасты №59 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жұмылдырылған. Жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде мектеп оқушысы Шымкент қаласы Ғ.Иляев көшесінің бойында орналасқан “Динамо” стадионы аумағынан аман-есен табылды. Қыздары үшін қатты алаңдаған ата-анасы полицейлердің нәтижелі жұмысына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру