Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған телефонды иесіне қайтарып берді

Шымкенттік полицейлер жоғалған телефонды иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын Анастасия Тихонова полицейлерге жедел қызметі мен ұялы телефон іздеуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

2021 жылы 7 қаңтар күні сағат 11:05-те Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы кезекші бөлімінің “102” сымтетігіне Анастасия Тихоновадан ұялы телефонын жоғалтып алғаны туралы хабарлама түсті. Жедел кезекші оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберді.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ЖТТ-ның қызметкерлері Руслан Қурбанов пен Нұрсұлтан Укаш азаматшаның жүрген қозғалыс бағытын аралау кезінде арықтардың бірінен жоғалған телефонды тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру