Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларды мерекесімен құттықтады

Шымкенттік тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларға гүл шоқтарын сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай темір тұлпар тізгіндеген азаматшаларды мерекемен  құттықтады.

Тәртіп сақышылары бұл жолы жүргізушілерге ескерту жасау мен әкімшілік хаттама толтырудың орнына жақсы тілектерін айтып, гүл шоқтарын тарту етті.  Әдетте жүргізушілерге хаттама толтыратын полицейлер бұл жолы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол жүру ережесі жөнінде кеңес беріп, рулдегі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды. Нәзік жанды арулар таңданыстарын жасырмай, алғыстарын білдірді. 

– Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Жалпы әйелдер қауымы, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермей, көлік тізгінінде мұқият болады. Әйелдердің жол үстіндегі осы қасиеті бізді қуантады. Қазақстанның барлық полицейлері атынан еліміздегі барлық әйелдерді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймыз. Жол ережесін сақтап, жолда абай болыңыздар, – деді Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру