Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынның бақшасынан жарты мыңға жуық апиын көкнәрінің бұтасы табылды

Шымкенттік тұрғынның бақшасынан жарты мыңға жуық апиын көкнәрінің бұтасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора» ЖПІШ барысында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері учаскелік аумақта рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде жергілікті тұрғынның ауласына құрамында есірткі заттары бар өсімдік екендігін анықтады.

 

Жұмыссыз ер адам есік алдындағы бақшасында басқа көкөністермен бірге тыйым салынған өсімдікті өсірген.

Тексеру жұмыстары барысында жедел уәкілдер барлығы 500-ге жуық апиын көкнәр түптерін тәркіледі.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді.

Сот ер адамды кепілмен босатты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу және өсіру үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру