Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік ұландықтар азаматтарға көмек көрсетуде

Шымкенттік ұландықтар азаматтарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілде күні әл-Фараби ауданында патрульдік-посттық қызметті атқару барысында ұландықтар қала тұрғынын ұстап, қалтасынан марихуана затын тәркіледі.

 – Біз өзімізге тиесілі бағытпен қызмет атқарып жүрген болатынбыз. Бірде алдымыздан белгісіз адам шықты. Ол бізді көре сала өзін оғаш ұстай бастады. Сырт көзге қуыстанып, бір нәрсе жасырып тұрғаны көрінді. Оны тоқтатып, сұрақ астына алдық. Кейінде қалтасындағы заттарды көрсетуді сұрағанымызда қашып құтылғысы келді. Алайда оны алысқа ұзатпай қолға түсірдік, – дейді әскери жасақ бастығы Ықылас Рамазанов.

Нәтижесінде 32 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны қалтасына марихуана салынған қағаз орамасын жасыруға тырысқаны анықталды.

Дәл сол күні әскери жасаққа тағы бір шұғыл ақпарат келіп түсті. Ерманов көшесі бойында белгісіз адам қала тұрғынын соққыға шығып, ізін жасырыпты.

Осы бағыт бойынша іздеу жарияланып, оның барысында құрамында қатардағы жауынгер Аңсат Тәшкенбай, патрульшілер қатардағы Ержан Нұрғазин мен Дамир Мұратов бар әскери жасақ сағат 19:25-те сипаттамаға сәйкес келетін күдіктінң қолға түсірді. Күдікті әл-Фараби аудандық полиция пунктіне тапсырылды.

Сол күні Нұрсәт шағын ауданында сағат 22:30 шамасында әйел көмек сұрап, әскерилерге жүгінді. Ол есік сыртынан құлыптанғаннан кейін өз пәтеріне кіре алмай жүргенін және үйде кішкентай бала барын айтты.

– Пәтерге кіре алмаған әйел бізге жүгінді. Оның кішкентай баласы үйде қалыпты. Бізге қалай болғанда да есікті ашуға тура келді, өйткені бұл біздің міндетіміз, – дейді патрульдік топ бастығы Ердәулет Тағайбек.

Әйел әскерилердің жасаған көмегі үшін 6506 әскери бөлімінің командиріне алғыс хат жолдады.

Сол күні сағат 19:00 шамасында Әл-Фараби ықшам ауданында әскери жасақтар бойынша кезекшіге бір адам келіп, жолықты. Оның жеке құжаттарын (жеке куәлік, банк карталары, тіркеу куәлігі) жолғалтып алғаны белгілі болды. Осыған орай барлық әскери жасақтарға іздеу жарияланады. 25 минуттан кейін патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Олжас Байболов ауладағы орындықта жатқан әмиянды байқады.

Ер адам абайсыздан құжаттарын даладағы орындықта тастап кеткен болып шықты. Ұландықтардың қырағылығының арқасында жоғалған заттар иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру