Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ұландықтар тұрғынды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адамды құрықтады

Ер адам сенімге кіріп, алдау жолымен Теміртау тұрғынының екі миллион теңгесін қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілде күні сағат 17:00 шамасында Теміртау қаласының Полиция басқармасынан алдау арқылы екі миллион теңгені қолды еткен ер адамды жауапқа тарту туралы хабар келіп түседі.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Алдияр Жақынғалиев және патрульшілер қатардағы Аңсар Пернебай мен Рамиль Әбдікәрімов қызмет барысында Момышұлы көшесінде сипаттамаға келетін ер адамды байқады. Ол өзін ерсі ұстап, жасақтан жасырынғысы келген.

Әлгі сипаттамаға келетін ер адам ұсталып, құзырлы органдардың қолына тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру