Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полиция ведомствосының басшысы қала мектептерінің қауіпсіздігін тексерді

Солтүстікқазақстандық полиция ведомствосының басшысы қала мектептерінің қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турникеттер, “дабыл батырмалары”, бейнебақылау камерлары – Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қалалық мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен танысты. Облыстық полиция ведомствосының басшысымен бірге кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева және Консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысты.

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы Назарбаев көшесі, 327 Г мекенжайында орналасқан. Онда мыңнан аса оқушы білім алады. 2008 жылдан бастап мектепте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі тәжірибелі инспектор Роза Башенова жұмыс істейді.

Балалардың барынша қауіпсіздігі үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Фойеде реттелген картақабылдағышы бар турникеттер орнатылған, мектеп ішінде 50 камера, ал сыртында 20 камера жұмыс істейді. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры Бұлбұл Ахмадиқызының айтуынша, қалыптан тыс жағдайда “дабыл батырмасы” жұмыс істейтінін және ол іске қосылған кезде санаулы минут ішінде ғимаратқа жеке күзет құрылымы экипажы мен полицейлер келіп жетеді.

Марат Төлебаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауында және басым міндеттері болып табылатынын атап өтті. Биылғы жылы Ресей Федерациясында болған оқиға білім мекемелерін техникалық нығайтудың осалдығы мен жеткіліксіздігін тағы бір мәрте көрсетті. Барлығымыз үшін қатаң сабақ болды. Петропавлда 46 мектеп бар. Олардың бәрі террористік тұрғыда осал объектілер болып табылады. Заңнама талаптарына сәйкес келетін техникалық нығайту бойынша жоспарлы жұмыс бұған дейін де жүргізілді. Қосымша талап – “дабыл батырмасының” болуы. Мұның бәрі, бірінші кезекте, оқушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

Бүгінгі таңда облыс орталығының барлық мектебі бейнебақылау камераларымен жарақталған және қалалық полицияның Жедел басқару орталығына қосылған. Алайда, барлығы бірдей “дабыл батырмасымен” және арнайы күзетпен қамтамасыз етілмеген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Педагогтар мен полицейлердің қамқорлығын жұртшылық түсінуде. СҚО жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Павел Афанасьев, бұл іске ата-аналардың қатысуы, сондай-ақ мектеп оқушыларының тәртібі аса маңызды екендігіне тоқтала кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру