Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да патрульдік полицей газ тараған пәтерден қыз баланы аман алып қалды

СҚО-да патрульдік полицей газ тараған пәтерден қыз баланы аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандықтардың әлеуметтік желілер арқылы полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірулері жиіледі. Белгілі Петропавл пабликтерінің бірінде өткен демалыс күндерінде пост жарияланды: “…біз қиын жағдайға тап болдық. Петропавл – Нұр-Сұлтан жолында машинамыз сынып қалды. Жол полициясының қызметкерлері тоқтап, бізді өздерінің машинасына отырғызып, сынған көліктің ақауын анықтауға кірісті”. Жолда жөндеуге келмейтіне көз жеткізгеннен кейін полицейлерден кетіп бара жатқан сүт таситын машинадан көмек сұрап, машинаны тіркеді. Пост жазған адам тіркеген машинаның жүргізушісі мен СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары Асхат Қамалиев пен Әлібек Асқаровқа мықты денсаулық пен табыс тілеп, ризашылығын білдіріпті.

Тағы бір желі қолданушысы комментарийде: “Әлібек Асқаровтың жуырда қыз баланы түтіндеген, газдың иісі шыққан пәтерден аман алып қалды” деп жазған.

Аудан орталығы Тайыншадағы оқиға жайында жазыпты. Әкімшілік материал мәселесімен жүрген полиция аға лейтенанты Әлібек Асқаров көп қабатты үйлердің бірінің жанына тоқтайды. Кенеттен қызметтік автокөліктің жанына 11 жастағы қыз жылап келеді. Ол үйіне келген соң пәтеріне кіре алмаған, есіктен түтіннің, газдың иісі білінген. Өзінен үлкен апасы плитаның үстіне кешкі ас дайындап, ұйықтап қалған. Ол есікті қаққанға, телефонның қоңырауына еш әсер етпеген. Оны ояту үшін полицейге терезені сындыруға тура келген. Пәтерді желдетіп, қыздарға медициналық көмектің қажет еместігіне көз жеткізген соң, ата-анасына хабарлап, өзі қызметіне кіріскен.

– Патрульдік полиция батальонының әр қызметкері кезекшілікке түскен кезде, қиын әрі күрделі жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуі тиіс, бұл полицейлердің міндеті. Атап айтқанда, бұл мақсат қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпке қол жеткізуге бағдарланған заманауи полицейді қалыптастырудағы базалық негіз болып табылады, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру