Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде шағын футболдан жарыс өтті

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай СҚО бойынша ҚАЖ департаменті мекемелері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа алты команда, соның ішінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлері қатысты.

Ойынның салтанатты бөлігін СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы ашты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс ЕС-164/1 мекемесінің командасына бұйырды. Екінші орынды ЕС-164/6 мекемесі иеленсе, СҚО бойынша ҚАЖД командасы үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру