Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде жеке құрамның саптық байқауы өтті

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде және ведомстволық бағынысты мекемелерде жеке құрамның саптық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрақты негізде өткізілетін саптық байқаулар ІІО қызметкерлерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі саналады. Оның барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, атап айтқанда оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі, сондай-ақ бөлімшенің саптық дағдылары мен саптық үйлестіру дәрежесі айқындалады. Осындай байқаулардың бірі департамент бастығы Әділет Мұстафинов пен оның орынбасарларының жеке басшылығымен СҚО бойынша ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелер алаңында өтті.

Департамент пен мекемелердің жеке құрамынан басқа байқауға қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Қарау барысында департамент бастығы саптық түзетуді, қызметкерлердің жаңа үлгідегі нысанды киім кию ережелерін сақтауын, қызметтік куәліктердің, орынбасарлар карточкаларының және жеке жетондардың болуын, погондарды, эмблемаларды, шеврондарды жапсырудың дәлдігі мен дұрыстығын, талаптарға сәйкес айырым белгілерін орналастыруды және дабыл чемодандарының жасақталуын тексерді. Мұндай саптық байқаулар саптық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, жалпы тәртіпті нығайтуға, ұйымдастыруға және жеке құрам арасында жарғылық тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру