Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД басшылары үшін семинар-тренинг өткізілді

ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы мобильді академиясы Қостанай облысы ПД басшылары үшін семинар-тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы “Мобильді академия” пилоттық жобасын әзірледі. Оның мәні: Академия мамандарының тобы тікелей полиция департаменттеріне барып, семинар-тренингтер өткізеді.

Бұл жолы мобильді академия аясында Қостанай облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшілердің басшылары оқудан өтті.

Академияның құқық қорғау қызметі басқармасы кафедрасының басшысы Майя Турсунова оқудан кейін басшылар проблемалық мәселелер бойынша өз жобаларын ұсынатынын атап өтті. Кейіннен жобалық менеджменттің шешімдерін ескере отырып, олар талданады және жұмысқа жаңа тәсілдер енгізіледі.

– Қазіргі уақытта полицияда жобалық басқару негізінде қызметтің жаңа тұжырымдамалары қолданылады, олар полиция жұмысының тиімділігін арттыруға ғана емес, халықтың сенімін нығайтуға да бағытталған. Барлық мемлекеттік органдар жұмысының басты қағидаты “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру. Қысқа мерзімді оқыту барысында курс тыңдаушылары кейіннен өз жұмыс орнында жүзеге асыра алатын жобаларды орындайтын болады, – деп түсіндірді Майя Турсунова.

Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Булат Иманов алынған білім азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретініне сенімді. Аса маңызды білім қызметті басқару конфликтология және тайм-менеджмент саласында.

Тыңдаушыларға ұрпақтар сабақтастығы дәстүрі аясында Ұлы Отан соғысының батыры Ахмет Тұмарбеков, Қазақ КСР ІІМ Министрінің орынбасары, КСРО ІІМ көліктегі ішкі істер бас басқармасының көліктегі Шығыс басқармасының бастығы туралы фильм көрсетілді. Оның есімі ІІМ басшыларының арасында құрметті орынға ие. Ол бар өмірін құқық қорғау және кадрларды тәрбиелеу қызметіне арнады.

Үш күндік семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру