Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да автомобиль жолдары мен көшелерге кешенді күзгі тексеру жүргізілді

ШҚО-да автомобиль жолдары мен көшелерге кешенді күзгі тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері автомобиль жолдары мен көшелерге кешенді күзгі тексеру жүргізді, сондай-ақ жол-коммуналдық органдардың дайындығын, қар тазалау техникасының жарамдылығын, өндірістік базаларда көктайғаққа қарсы материалдардың болуын тексерді.

Бүгінгі таңда жолдарды тазарту және қысқы тайғақтықпен күресу үшін 830-дан астам арнайы техника, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша “Таза Өскемен” коммуналдық кәсіпорнында 92 бірлік техника әзірленді, оның пайдалануға дайындығы – 80,1 %.

Барлық қысқы техника қалалар мен аудандардың климаттық ерекшеліктеріне байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда, сондай-ақ өңірдің елді мекендерінде біркелкі бөлінген.

Коммуналдық қызметтер 15 мың текше метрден астам көктайғаққа қарсы материал дайындады, жалпы ұзындығы 144 шақырым болатын 75 қарлы учаскеде уақытша жол белгілерін, сигналдық белгілер мен қар ұстайтын қалқандарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция департаменті мен қызмет көрсету ұйымдары қарлы учаскелерді жою бойынша қосымша ұсыныстар дайындады, қызмет көрсетілетін автожолдар желісінің жай-күйі туралы ақпарат жинау бөлігінде полиция саптық бөлімшелерінің жол ұйымдарының инженерлік-техникалық персоналымен өзара іс-қимыл жасасу мәселелері қаралды.

Аталған іс-шара апаттылықтың алдын алуға және ЖКО төмендетуге бағытталған. Құрметті жүргізушілер сіздерден жол жүрісі қағидаларын сақтауды, ауа райы жағдайларын ескерулеріңізді, алдағы қысқы кезеңде жол қауіпсіздігін сақтау үшін автомобильдер мен доңғалақ шиналарын алдын ала дайындауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру