Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 3 мыңнан аса маскүнем полицияның есебінде тұр

СҚО-да үш мыңнан аса маскүнем полицияның есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр адамда учаскелік полиция инспекторының нөмірі болуы керек. Бұл “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде солтүстікқазақстандық полицейлердің шешетін міндеттерінің бірі. Тәртіп сақшылары үйлерді аралап, тұрғындарға өз нөмірлері жазылған визиткаларын табы етеді. Түнде тыныштықты бұзу, масаң күйдегі жанжалдар, ұсақ бұзақылық пен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері – осындай мәселелер көбіне адамдарға алаңдатушылық туғызады. Әр шағым назарға алынады. Полицейлер тұрғындарға олардың кез-келген уақытта өз учаскелік инспекторына заңдылықты бұзушылық туралы хабарласуға болатын еске салады.

– Уақтылы полицияға жүгіну, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін аса маңызды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Жыл басынан облыста отбасылық жанжалқойларға қатысты 1872 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сот 468 құқық бұзушыға қатысты тәртібіне ерекше талап белгіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – олардың қорқытып-үркітуге ұшырап немесе жанжалқойдың түзелемін деген уәдесіне сеніп қалып, әрдайым полицейлердің көмегіне жүгінуге дайын еместігі мәселе болып отыр. Тексеріс барысында учаскелік инспекторлар зорлық-зомбылық құрбандарын, олардың құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген шаралар туралы хабарландырады. Бірінші қадам полицияға жүгіну болуы қажет.

Есепте тұрғандар санатындағы “мазасыздардың” бірі – ішімдікке тәуелді адамдар. Олардың саны облыста 3018. Полицейлер: олар үшін тығырықтан шығудың бірден бір жолы – макүнемдіктен емделу керектігін біледі. Соның бір мысалы, бұрын жатақханадағы көршілеріне қиындық туғызған 58 жастағы қала тұрғыны. Ол бұл жаман әдетін жеңіп, жұмысқа орналасқан, шағымдар тыйылған, ер адам қалыпты өмірге оралған. Алайда бәрі бірдей ерікті түрде медициналық көмекке жүгінуге келісе бермейді. Жыл басынан СҚО-да мәжбірлеп емдеуге 153 адам жіберілді. Мұны істеу үшін маскүнемнің туыстары ішімдіктің адамды құқыққа қайшы әрекеттерге ұрындырғанын күтпей, учаскелік инспектормен байланысуы керек.

Бұдан бөлек, тексеріс кезінде полицейлер адамдарға интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жаднамалар таратады. Соңғы кездері бұл кең тараған қылмыс түрлерінің бірі. “Учаске” ЖПІШ шеңберінде барлық бағытта полицейлер профилактикалық жұмысты күшейтті. Іс-шара 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру