Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы зейнеткерлерге концерт ұйымдастырылды

СҚО полициясының Мәдени орталығы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы зейнеткерлерге концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Мәдени орталығының қызметкерлері бірден екі аудандағы зейнеткерлерге музыкалық іс-шара өткізді. Көшпелі қайырымдылық концерттік бағдарламалар қазақстандық полицияның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Ән мен әзіл, би – погондағы өнерпаздар концерттік бағдарламаларға мұқият дайындалды. Аққайың ауданында облыстық полицияның Мәдени орталығының әртістері “Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” барып қайтты. Залда екі-үш жүзден астам зейнеткер болды – түрлі жанр мен бағытта ән шырқалып, есте қаларлықтай би орындалды. Көрермендер де, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі де дарынды офицерлердің өнерлерін жоғары бағалады. Отырғандардың қуаныштан көздеріне жас үйіріліп, жүздерінде күлкі де байқалды, ал ең бастысы қуанышты көңіл-күй пайда болды, қошемет те үзілмеді.

СҚО Полиция департаменті Мәдени орталығының басшысы, Қазақстан Республикасының “Мәдениет қайраткері” Дидар Малаевтың айтуынша, бірер күн бұрын полицейлер дәл осындай концерттерді “Надежда” Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында», сондай-ақ Петропавл қаласындағы Қарттар үйінде де өткізген. Тайыншада концерт ашық аспан астында өткен. Айта кететіні, СҚО Полиция департаменті Мәдени орталығының әртістері аталған мекемелерге концертпен бұған дейін де барған болатын.

– 2022 жыл әр полицей үшін ерекше: 23 маусым күні еліміздің тәртіп сақшылары қазақстандық полицияның 30 жылдығын атап өтеді. СҚО Полиция департаментінде мерейтойды мерекелеуге дайындалу шеңберінде дәстүрлі түрде спорттық сайыстар, қайырымдылық, мәдени іс-шаралар өткізіледі. Осылайша біз жерлестерімізге полицейлер тек әрдайым көмекке келуге дайын құқық қорғаушылар ғана емес, шығармашылықты және өнерді жоғары бағалап, дамытатындарын көрсеткіміз келді, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру