Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудан орталығының тұрғындары карантин кезінде той өткізген

Қызылжар ауданының санитарлық-эпидемологиялық нормаларды сақтау және мониторинг жөніндегі жұмыс тобы үлкен жеке күйде өткен отбасылық іс-шараны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығының тұрғындары «102» арнасына хабарласып, коттеджердің бірінің маңында көп машиналардың тұрғанын және адамдардың көп жиналғанын айтып хабарласқан. Жиын болып жатқан жерге келген автопатруль шынымен де басқосудың болып жатқанына көз жеткізді. Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Мұхамадиев бұл ақпаратты рейдтік іс-шарада жүрген әкімдік және аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің, полиция қызметкерлері енген мониторингтік топқа хабарлады. Топ мүшелері көрсетілген мекенжайға келіп, дастархан басында отырған қонақтарды және тойды жүргізіп жатқан асабаны көрді. Тойға 50-ден астам адам шақырылған. Мониторингтік топ карантин кезіндегі іс-шараны фото және бейнетіркеуге жазып алды. Материал шешім қабылдау үшін Қызылжар аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жіберілді.

Жәнібек Мұхамадиевтің айтуынша, бұл осымен ауданда анықталып отырған үшінші факті болып отыр. Адамдар отбасылық басқосулардың салдары қалай болатынын еш ойламастан карантиннің бұзушылықтарына жол береді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру