Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ауыл тұрғыны көлік тізгініне екі мәрте мас болып отырған

СҚО-да ауыл тұрғыны көлік тізгініне екі мәрте мас болып отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының ортасында Мамлют ауданының 57 жастағы тұрғыны Петропавл қаласында көлікті мас күйде жүргізіп келе жатқан кезінде ұсталды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда ауылдық сот шешімін елемеді. Әкімшілік қамақтан шыққаннан кейін екі күн өте салысымен қайтадан Audi 100 автокөлігінің тізгініне отырған. Оның бұл әрекетін учаскелік полиция инспекторы байқап қалған. Оның көлік басқару құқығынан айырылғанын білген полиция қызметкері оны тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сот шешімін елемегені, қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ауыл тұрғынына өмір бойы көлік басқару құқығынан айырыла тұра ірі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін нығайту үшін осындай жағдайларды жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аудан жолдарында алты мас жүргізуші ұсталды, олардың үшеуі бұрын басқару құқығынан айырылды. Жыл басынан аудан жолдарында алты мас жүргізуші ұсталды, оның үшеуі бұрын көлік басқару құқығынан айырылғандар, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру