Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы жалғасып жатыр

СҚО-да құқық қорғау органдарының өкілдері арасында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спартакиаданың екінші түрі – волейболдан жарыс. Екі күндік ойынның алдында іріктеу кезеңі – облыс аудандарында өтті. Нәтижесінде “Динамо” стадионында үздік атағы үшін 18 құрама бақ сынасты.

Үшінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының жартылай финалға жеткен командасын жеңген қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері иеленді. Облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлеріне жарыста сәттілік серік болды. Олар өздерінің негізгі спорттық бәсекелестері – ҚР Ұлттық ұлан академиясының құрамасымен күресті. Қызу күресте полицейлер 2: 0 есебімен бірінші орынды иеленді. СҚО ПД аппаратының қызметкері Темірлан Байжанов жарыстың үздік қорғаушысы атанды. Үздік шабуылшы Александр Омельченко (ҚАЖД), ал үздік ойыншы Манас Нұрмаханов (ҚР ҰҰ академиясы) атанды.

– Барлық жүлдегерлерге дене шынықтыру-спорт қоғамынан кубоктар мен грамоталар, сыйлықтар табыс етілді. Спортпен шұғылдану құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді, командалық рухты нығайтады. Құқық қорғау органдарының алдында спартакиаданың үшінші түрі – президенттік шақырым күтіп тұр, – деді “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру