Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мыңнан аса полицей жалпықалалық сенбілікке қатысты

СҚО-да мыңнан аса полицей жалпықалалық сенбілікке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер биылғы жылғы алғашқы жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты. Жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер мен облыстық аппарат және қалалық полиция ведомстволарының кезекшілік пен нарядтарға жұмылдырылмаған басқа да қызметтерінің қызметкелері қатысып, сәуірдің таңғы шуағын шашқан күнінде ерекше көңілмен еңбек етті. Қолға ұстаған жүздеген тырнауыш, сыпырғыш, күректің, сондай-ақ қоқыс шығаратын үш жүк көлігінің арқасында Полиция департаментінің барлық әкімшілік ғимараттарының; қалалық Полиция басқармасының, Бірінші және Екінші полиция бөлімдері мен облыс орталығындда орналасқан басқа да бөліністердің іргелес аумақтары тазартылып, әктелді. Осыған ұқсас жұмыстарды барлық 13 аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері де атқарды.

СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша, тәртіп сақшыларының сенбіліктерге белсенді қатысуы – жыл сайын өткізілетін игі дәстүр.

Полицейлер тұрғындар арасындағы тәртіпсіздік пен антисанитарияға мүлдем төзбеушіліктің үлгісін көрсете отыра, әкімшілік ғимараттарын жыл бойына таза ұстауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру