Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ноутбук пен ұялы телефон жымқырған азамат ұсталды

Шымкентте ноутбук пен ұялы телефон жымқырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу 2021 жылдың 25 наурыз күні “Ленова” маркалы ноутбугын және “Самсунг” маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру