Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция бөліністерінің басшыларына көшпелі оқыту курстары өткізілуде

СҚО-да полиция бөліністерінің басшыларына көшпелі оқыту курстары өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліністерінің басшылары үшін өткізілген үш күндік семинар-тренингтің басты тақырыбы – жаңа форматта қалай жұмыс істеу керек, байланысты қалай орнату қажет және жұмыстың сервистік моделінің өзге де принциптері. “Мобильді академия” жобасы аясында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушы құрамы полицияның басшылық құрамы қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бойынша курстар өткізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына келді. Осыған дейін мұндай семинарлар оқу орнында ғана өткізіліп келген. Қазір Академия басшылығы аумақтарға шығып, жаңа форматта жұмыс істеуді қолға алған. СҚО – алғашқы оқу алаңы болды.

– Кадрлардың біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау шеңберінде қосымша білім беру жүйесінде қолданылатын оқытудың дәстүрлі түрлерінен айырмашылығы – оқуға тыңдаушылар келмейді, керісінше облыстық бөліністерге оқытуға профессорлық-оқытушы құрам шығады. Басты міндет – қазақстандық полицияның жұмыс тәжірибесінде қолданатын жаңа стандарттарды, модельдерді үйрету. Басшылар жұмыстан қол үзбей өз басқарушылық қызметінде қолданатын концепцияларды үйренеді. Бүгінгі күнгі мемлекеттік басқару әдістерінің бірі – басқару жобасының элементтеріне көшу. Курс тыңдаушылары аталған қысқа мерзімдік курс кезінде, кейін өз жұмыс орындарындарында іске асыра алатын жобаларды орындайды, – дейді ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов.

Семинар-тренинг жұмысын аша отырып, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов полиция жұмысының тиімділігін ғана емес, сондай-ақ халық сенімін арттыруға бағытталған сабақтардың маңыздылығы мен өзектілігін атап кетті. Семинар-тренингте қатысушылармен ерекше танысу іс-шараға реңк берді. Қонақтармен танысуда полицияның бөлініс басшылары өз есімінің бірінші әрпінен басталатын мінезін сипаттайтын сөзді атады. Танысудың мұндай форматы қатысушыларды ашық әрі бейресми диалогқа тарта түсті. Тренинг ұйымдастырушылары мақсаттарының бірі – қызметте де, тұрмыста да еркін қарым-қатынас жасауды үйрету. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдар жұмысының басты принциптерінің бірі – азаматтарға “құлақ асу”. Бұған коммуникативтік дағдылар септігін тигізеді. Коуч-тренерлер халықпен, оның ішінде дағдарыс жағдайлары кезінде кәсіби қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері туралы айтты. Семинардың басым бөлігі еркін форматта өтті. Семинар ұйымдастырушылары дәл осындай әдістің сенімді қарым-қатынас орнатуға негіз болатынын айтады. Семинар аяқталған соң қатысушылардың барлығы сертификат алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру