Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да саңырауқұлақ теруші орманнан мылтық тауып алды

СҚО-да саңырауқұлақ теруші орманнан мылтық тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері тіркелмеген қаруды жасырған адамдарды оны полицияға өз еркімен тапсыруға шақырады. Бұл қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаудың жалғыз жолы.

ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес, заңсыз сақтағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Дәл осындай жаза Аққайың ауданының 45 жастағы тұрғынына қауіп төндіріп отыр. “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері одан ИЖ-58 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықты тауып алған. Қару үйдің бір бөлігінде сақталып тұрған. Ер адам оны күзде саңырауқұлақ теріп жүрген кезде орманда тапқанын және аң аулаумен айналыспаса да, оны өзінде қалдыруға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

– Мылтық сараптамаға жіберілді. Егер ол атыс қаруы деп танылса, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша жауапкершілік жүктеледі. Қару табылған жағдайда бұл туралы дереу полицияға хабарлау керек. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару қауіпті: ол жазатайым оқиғаны тудыруы немесе қылмыстық мақсатта қолды болуы мүмкін, — деп нақтылады аудан ПБ бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру