Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері 99 ұялы телефон ұрлығы тіркелген

СҚО-да үш айдың ішінде 99 ұялы телефонның ұрлығы жасалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әдетте қылмыстың басым бөлігінің жасалуына ішімдік себеп болып жатады. Петропавл қаласы ПБ Екінші полиция бөліміне қаладағы колледждердің бірінің 21 жастағы студенті жүгінген. Ол Samsung ұялы телефонының ұрланғанын айтқан. Шығын 55 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер бірер күн бұрын қаланың шеткі аудандарындағы дәмханалардың бірінде жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен 26 жастағы жігіттің қатыстылығын анықтады. Есін жинаған соң, күдікті танысының мүлкін не үшін ұрлағанын не өзіне, не полицейлерге айтып түсіндіре алмады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттың қайда екенін анықтау үшін полицейлермен шаралар қабылдануда.

“Ұялы телефондар көбіне бірге алкогольдік ішімдіктер ішу барысында ұрланып жатады. Ішімдік пәтерде ме, әлде көңіл көтеру орындарында ішіле ме маңызды емес, ұрлық тіпті бейнебақылау камераларымен жабдықталған жерлерден де жасалып жатады. Алкогольдік масаю адам сау кезінде жасамайтын теріс қылықтардың жасалуына себеп болады. Бұндай оқиғаларға жол бермеу үшін құнды, әсіресе заманауи гаджеттер сияқты шағын заттарды қараусыз қалдырмаған жөн”, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Үш айдың ішінде облыс бойынша барлығы 99 телефонға қылмыстық қол сұғушылық жасалды. Аталған қылмыс түрінің ашылуы 78%-дан жоғары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру