Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте той көйлегін тігіп беремін деп құрбысын алдаған əйел ұсталды

Шымкентте алаяқ құрбысын той көйлегін тігіп беремін деп алдап, 90 мың теңгесін алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының “102” арнасына азаматша арызданды. Ол өз арызында 10 ақпан күні сағат 11:00-де өзінің танысы той көйлегін тігіп беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен 90 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін жеткізген.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы əйелді анықтап, қамауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру