Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында түйе ұрлаған қаскөй ұсталды

Қызылорда облысында түйе ұрлаған қаскөй ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірде Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Аралқұм ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген түйесінің ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 700 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 41 жастағы Арал ауданының тұрғынын ұстады.

Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 1-бөлігіне (Мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру