Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО аумағында “Бекіре-2021” акциясы өткізілуде

БҚО аумағында “Бекіре-2021” кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының аумағында бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз аулануының, айналымы мен контрабандасының жолын кесу және алдын алу мақсатында 1 сәуірден бастап 31 мамырға дейін “Бекіре -2021” кең ауқымды акциясы өткізілуде.

Акцияны БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізуде.

Балықтың уылдырық шашу және көбеюі кезінде браконьерліктің жолын кесу үшін “Орал –Каспий” балық шаруашылығы бассейні БҚО аумағындағы барлық су айдындарында шектеулер белгіледі.

Акция Көшім, Киров, Бітік, Дегелен өзендерінде және Пятимар су қоймасында 1 мамырдан 15 маусымға дейін, Шалқар көлінде, Орал – Көшім суармалы-айналмалы жүйелері мен Қамыс – Самар жүйесінің өзен-көлдерінде 1 мамырдан 31 мамырға дейін, БҚО аумағындағы барлық су қоймаларында 1 мамырдан 15 маусымға дейін және Жайық өзенінде 10 сәуірден 15 маусым аралығында өткізіледі. Сонымен қатар, барлық жерде шаян аулауға 1 сәуірден 15 маусымға дейін тыйым салынады. Тәуліктің кешкі уақытында да балық аулауға қатаң тиым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру