Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер смартфон ұрлығын ашты

Жамбылдық полицейлер смартфон ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 наурызында полицияға облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны жүгінген. Автобус маршрутында оның құны 80 000 теңге тұратын “Samsung J6” маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері Тараз қаласының шағын аудандарының бірінің 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру