Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық алаяқ адамдардан 4 млн теңге ақша жымқырған

Тараз қаласының тұрғыны адамдардың төрт миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемде жасалған алаяқтықтың бірқатар деректерін ашты.

Жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Істің мән-жайын анықтау барысында күдіктінің 2019 жылдың наурыз айынан бастап WhatsApp желісі арқылы әртүрлі облыстар мен аймақтардағы адамдарға жеке ақшаларын көбейту бойынша қаржылық схеманы таратуды ұсынғаны анықталды.

Нәтижесінде күдікті 20-ға жуық жәбірленушіден төрт миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Аталған қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру