Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы емханасы бар госпитальдің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов емханасы бар госпитальдің басшылығы мен қызметкерлерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құтықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақ халаттылар мерекені ұлттық нақышта қарсы алды: олар дәстүрлі киімдерін киіп, арнайы бөлме дайындады. Қазақстандағы этностардың бірлігін және көпұлттылығын көрсету үшін түрлі ұлттың тағамдарын әзірледі.

– СҚО ПД емханасы бар госпиталінің медициналық қызметкерлері өңір полицейлерінің, әскери қызметшілердің денсаулығына, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге даярлығын тексеруге жауапты. Олардың бүгінгі бастамасы ұлттық салт-дәстүрге құрметінің белгісі. Наурыз мейрамы – жақсылықты, бірлікті білдіретін көктемгі мереке. Түркі халықтары оны ежелден тойлап келеді. Медицина қызметкерлеріне және еліміздің халқына мықты денсаулық, бірлік пен гүлдену тілеймін, – дейді Айдын Қабдұлдинов.

Мерекелік дастарханда қонақтарға түрлі ұлттың тағамдары ұсынылды. Наурыз мейрамын мерекелеуге белсенді қатысқан әр ұжымның еңбегі бағаланды.

“Көктемгі көңіл” номинациясында стационар ұжымы марапатталды. Олар әзірбайжан халқының тағамдарын дайындады. “Халықтар достығы” аталымында өзбек-түрік халықтарының ұлттық тағамдарын дайындаған госпиталь ұжымы ерекшеленді. “Кең байтақ Қазақстан” номинациясы қазақ халқының дастарханын жайған емханасы бар госпитальдің әкімшілігіне табыс етілді. Облыстық полиция департаменті құрамындағы Мәдени орталықтың шығармашылық ұжымы дайындап ала келген ән мен күй мерекенің ажарын аша түсті.

Солтүстікқазақстандық полицияның барлық бөліністері ұлттық мейрамды қайырымдылық және патриоттық іс-шаралармен қарсы алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру