Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері автокөліктің жүксалғышынан 12 пышақ алды

СҚО полицейлері автокөліктің жүксалғышынан 12 пышақ алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қарашаға қараған түні Жезқазған – Петропавл автожолының 949-шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушісі солға бұрылу жол белгісінің талабын бұзған Volkswagen автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғынында сақтандыру полисі жоғы анықталды. Полицейлер одан әрі тексеру кезінде жүксалғыштан 12 пышақ салынған сөмкені тапты. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы қасапшы екендерін айтты. Пышақтар алынып, сараптамаға жіберілді. Егер сараптама нәтижесі бойынша осы пышақтар суық қару деп танылса, ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аталған факті СҚО аумағында бастау алған “Құқықтық тәртіп” ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды. Жолдарды тексеру, есепте тұрған адамдарды аралау, көші-қон заңнамасын сақтау – ЖПІШ шеңберінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер ететін бағыттар бойынша барлық полиция бөліністерінің жұмысы күшейтілді. ЖПІШ алғашқы күнінде полицейлер 650-ден астам есепте тұрған адамды, 400-ге жуық қараусыз қалған үйді, 100-ге тарта жалға берілетін пәтерді тексерді.

– Күшейтілген тексеріс нәтижесінде іздеуде жүрген төрт адамды ұстау мүмкін болды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 99 фактісі, тұрмыс саласында 26 құқық бұзушылық, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаудың 15 жағдайы, қорғау ұйғарымын бұзудың 4 фактісі анықталды. Масаң күйде болған 6 жүргізуші ұсталды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру