Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері екі елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданында орын алған заңсыз ату фактісін учаскелік инспекторлар анықтады. Жұмыс бабымен ауылдардың біріне бара жатқан полицейлер орман жаққа кеткен шаңғы іздерін байқаған. Іздер жақында қалған болып шықты. Жолдың бойын тексеру кезінде екі сібір елігінің еті табылды.

Сол маңда тұрған екі адам полицейлерді көре сала орманға қарай қашып, жасырынған. Алайда олардың біреуін учаскелік полиция инспекторы танып қалды. Келесі күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 22 және 28 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан аңшы мылтықтары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Бұл баптың 3-бөлігінің санкциясы адамдар тобымен жасалған қылмыс үшін 6 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан бастап 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ аң аулауға жеті жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза қарастырылған. Қазіргі уақытта көптеген жануарды, оның ішінде тұяқтыларды аулауға тыйым салынғанын облыс тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз. Заңсыз аңшылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін естен шығармауды және заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз, – дейді аудандық ПБ бастығы Марат Серкешев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру