Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері екі ер адамнан марихуана тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері екі ер адамнан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында есірткі заттарын заңсыз сақтап, өзімен алып жүрген екі тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шардара қаласы көшелерінің бірінен есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тінту кезінде одан өсімдік тектес есірткіге ұқсас заты бар орама табылды. Сараптама қорытындысы оның бір грамға жуық марихуана екенін растады.

Сонымен қатар шардаралық полицейлер тағы бір тұрғыннан есірткі анықтады. Күнделікті қызмет атқару кезінде көшеден тоқтатылған Шардара қаласының тұрғынынан марихуанаға ұқсас заты бар қағаз орамасы табылды. Сараптамаға сәйкес, ол жалпы салмағы шамамен үш грамм болатын марихуана болып шықты.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелерге сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру