Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі күннің ішінде 22 қылмыскерді іздестірді

СҚО полицейлері екі күннің ішінде 22 қылмыскерді іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста мемлекетаралық “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара ҚР ІІМ мен қатысушы ТМД елдері арасындағы келісімді орындауда тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Екі күннің ішінде ТМД елдерінің ішкі істер органдары арасында ақпарат алмасу жандандырылды. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдердің және олардың әріптестерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 22 қылмыскердің жүрген жері анықталды.

Мәселен, Петропавл қаласында РФ аумағында жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды. Қазақстан Республикасы өңірлерінде де криминалдық полицияя бөліністерінің арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілді. Өскемен қаласы қызметтік іссапармен барған кезде СҚО жедел уәкілдері ұрлық жасауда күдікке ілінген 31 жастағы күдіктіні ұстады және қамауға тапсырды. Оны сәуір айында Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іздеуге жариялаған болатын.

– Жалпы екі күннің ішінде іздеуде жүрген 22 қылмыскер анықталды, оның алтауы СҚО-да, 14-і жақын шетелден, РФ шекаралас өңірлерінен табылды. Аталған тұлғалар ұрлық пен алаяқтық, дене жарақаттарын келтіру, есірткінің заңсыз айналымы бойынша да іздестірілген. Көрші елдердің құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастық – қылмысқа қарсы іс-қимыл жасаудың және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды шарты, – деп хабарлады СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру