Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі мал ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері кезекші тәулікте екі мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Ғ.Мүсірепов ат. ауданның екі тұрғыны мал ұрлығы туралы арызымен полицияға жүгінген. Біреуінің саулық қойы, екіншісінің екі қойы жоғалған. Екі жағдайда да қылмыскерлер қораға кіріп, ұсақ малдарды ұрлаған. 15 қарашадан облыста өткізіліп жатқан “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұрлық ашылды.

– Бұдан бөлек, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді ЖПІШ өткен төрт күнде осындай бес факті ашылды, оның ішінде төрт “өткен жылдарда” жасалғандар. Мал ұрлығына қатысты бар деген күдікпен барлығы алты күдікті ұсталды.

ЖПІШ аясында полицейлер ветеринария қызметінің инспекторларымен бірлесіп, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді, оларды өткізу орындарын тексереді. Аудандарда бұл жұмысты арнайы құрылған мобильді топ атқарады. 157 автокөлік, 60 өткізу орны, 169 ферма, шаруа қожалықтары мен жайылым жерлер тексерілді. Ветеринария саласындағы 19 құқықбұзушылық, 53 еркін жайылымға жіберу фактісі анықталды, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру