Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған бүкіл қаланы нанмен қамтамасыз етеді

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Булаев қаласында тұратын сотталған ер адам бүкіл қаланы нанмен қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде сотталған Шухрат тұр, оған қатысты пробация қызметі бөлімінің инспекторы “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша оқуға көмек көрсету үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жеке бағдарлама жіберді, ол бойынша ол оқуын аяқтады.

Сотталғанға қатысты оқу аяқталғаннан кейін ауданның халықты жұмыспен қамту орталығына өз ісін ашу үшін грант алуға көмек көрсету мақсатында жеке бағдарлама жіберілді.

Сотталғанға мемлекет тарапынан шағын наубайхана ашу үшін 200 АЕК (583 400 теңге) көлемінде грант берілді. Қазіргі таңда ол тандыр нан пісіреді, нан өнімдерін аудан дүкендеріне жеткізеді.

– Менің наубайханам Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Булаев қаласында орналасқан. Менің күнделікті жұмыс күнім таңғы 4-тен басталады. Мен күніне 8-10 сағат жұмыс істеймін. Наубайхана менің үйімнің жанында орналасқан. Бір тандыр нанның салмағы 330 грамм – 120 тг, бір бөлке нан 550 грамм – 130 тг. Менің ай сайынғы табысым орта есеппен 100 мың-150 мың тг құрайды, кейде одан да көп, барлығы қанша жұмыс жасайтыныңа байланысты. Мен нандарымды жеткізіп тұратын 5-6 тұрақты дүкен бар. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жүрген кезде нан пісіруді үйрендім, наубайханадағы мекемеде бірнеше жыл жұмыс істедім. Шартты түрде мерзімімнен ерте босатылған соң, шыққаннан кейін өз жеке ісімді ашамын деп шешім қабылдадым. Бұл өте сәтті және пайдалы ой болып шықты, көктемде кеңейіп, бірнеше адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Менің өмірім өзгерді, саналы түрде өмір сүре бастадым деп нық сеніммен айта аламын, – деп ойымен бөлісті сотталған Шухрат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру