Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мал ұрлады деген күдікпен Көкшетау қаласының үш тұрғынын ұстады

СҚО полицейлері мал ұрлады деген күдікпен Көкшетау қаласының үш тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлауда күдіктілерді ұстады. Бірнеше ай бойы полицейлер барымташыларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Қаскөйлер өткен жылы күзде Қоскөл а. түнде сарайдың құлыбын бұзып, жылқыны ұрлап кеткен. Ұрлықты “ізін суытпай” ашу мүмкін болмады, алайда жедел жұмыстар бір сәтке де тоқтатылмады. Ауылға жақын маңдағы орманда жануардың ішек-қарындарын және терісін анықтады.

Тағы бір ұрлық ауданда биылғы жылғы көктемде жасалған. Егіндіағаш ауылы тұрғынының еркін жайылымда жүрген бұқасы ұрланған. Иелері полицияға бірнеше күннен соң ғана жүгінген.

– Бұл қылмыстарды ашу ерекше бақылауда болды. Мал ұрлығының әр фактісі – мал өсіру – жалғыз табыс көзі болып табылатын ауыл тұрғынына үлкен шығын. Қыркүйекте қылмыс жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының үш тұрғыны ұсталды. Бүгінгі күні ауылдықтарға шығын сомасы өтелді, – дейді Айыртау ауданының ПБ бастығы Марат Серкешев.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188,1-бабы 3-б. (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Баптың санкциясы бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Ұсталғандар қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру