Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жас қозғалыс инспекторларының үздік жасағын таңдады

СҚО-да 29-мәрте “Қауіпсіз дөңгелек” қозғалысының жас инспекторларының дәстүрлі жарысы өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен жол қозғалысы ережелерінің жас білгірлері Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат базасында жиналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларды бірқатар байқаулар күтіп тұрды. Балалар саптық дайындықты және реттеушінің сигналдарын білу және велосипедті мәнерлеп жүргізу дағдыларын көрсетті. Ең жарқын шығармашылық байқау болды. ЖҚИ жасақтарының басты міндеті – бастауыш сынып оқушыларына жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін жеткізу. Мұны қызықты, есте қаларлық түрде жасай білуді балалар акт залының сахнасында ізденімпаз қазылар алқасының алдында көрсетті.

Екінші және үшінші орынды М. Жұмабаев ауданынан келген және Петропавлдан С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының жасақтары иеленді. Тимирязев ауданының жігіттері үздік деп танылды.

– Қарсыластар мықты болды, бірақ біз өте жақсы дайындалдық, – дейді команда мүшелерінің бірі, мәнерлеп жүргізу байқауының жеңімпазы, 6-сынып оқушысы Артур Рудий.

СҚО ПД ЖПҚ басқармасы басшылығының пікірінше, жолдардағы балалардың қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау бойынша ЖҚИ жұмысы кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

– “Қауіпсіз дөңгелекті” жазғы демалыс қарсаңында өткізілетіні бекер емес — бұл барлық балалар мен олардың ата-аналарына ЖҚЕ талаптарын білу және қатаң орындау қажеттігін еске салудың тағы бір тәсілі, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Марапаттау іс-шарасының жарқын сәті – ішкі істер министрінің дипломын М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Нұрислам Кәрімовке тапсыру болды. Жас петропавлдық “Менің қаламдағы жол қауіпсіздігі” республикалық сурет байқауының үздік қатысушысы болып танылды. “Қауіпсіз дөңгелек” жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен медальдар табысталды, ал жеңімпаздар “Бурабай” демалыс аймағына сапарды жеңіп алды. Олар облысты республикалық жарыста таныстыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру