Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны полицейге жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді

СҚО тұрғыны полицейге жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

“…Шынымды айтсам, бұл оқиғаның салдарынан аздап абдырап қалдым, көліктің ақауы да ауыр, тіпті өте қауіпті болды: бөлшегі ұшып кетті, мен оның есімін де сұрауға ұмытып кеттім, тек жетонындағы 0127 нөмірін және кіші офицердің погондарын есте сақтап қалдым”. СҚО тұрғыны хатында қиын сәтте жанынан табылған полицейдің әрекеті туралы жазған. Оқиға 25 шілде күні таңертең орын алған. Ер адам Уалиханов ауданыңдағы Кішкенекөл ауылынан Талшық ауылына қарай бет алған, кеңеттен Aud автокөлігі істен шыққан. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкері Әсет Қосақаев келген. Ол ер адаммен сөйлесіп, автомобильдің ақауын тапқан. Өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, жүргізушіден керекті құрал-саймандарды сұрап алған.

– Мәселенің оңтайлы шешілетініне көз жеткізген соң полицей қызметін атқаруға кіріскен. Біздің облысымызда әрдайым көмекке келуге дайын полицейлер жұмыс істеп жатқандығы қуантады. Бұндай полицейлердің қатары азаймасын, жоқ, бәрі де 0127 жетонын таққан кіші лейтенант сияқты болсын, өз ісіне жауапты, нағыз білікті маман болсын, – деп жазды солтүстікқазақстандық.

Ал 23 шілдеде таңертең Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолында Шымкент қаласының тұрғындары 3 сағат бойы тұрған. Петропавлға келе жатқан 20 адамы бар Mercedes Красная Поляна ауылының маңында сынған.

– Дәл сол аумақта қызмет еткен полиция аға лейтенанттары Дмитрий Кравченко мен Николай Ковалев олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көлікті тексеріп жатқанда сапарын ары қарай жалғастырулары үшін полиция қызметкерлері оларға Газель көлігін тауып берген. Патрульдік полиция қызметкерлеріне кезекшілікке түсер алдында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтау ғана емес, сонымен қатар адамдарға көмек көрсету тапсырмасы беріледі. Адамдардың ризашылығы – жақсы қолдау және қызмет атқаруға қосымша серпіліс береді, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру