Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өтті

2020 жылғы 25 мамырда ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спикер болып Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер сөз сөйледі.

Жыл басынан бері еліміздің суайдындарында 48 адам, оның ішінде 16 бала суға батып көз жұмды. Оның ішінде 24 адам балық аулау кезінде қағидаларды сақтамау себебі бойынша, алты адам (оның ішінде екі бала) жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде, сегіз бала суға құлау салдарынан (балаларды қараусыз қалдыру), төрт адам мас күйінде шомылғанда, алты бала мұз астына түсіп кетті.

Елімізде суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталатындығына қарамастан, өңірлерде тұрғындар жылы күнді пайдаланып, тыйым салынған жерлерде шомылады.
Өткен аптада суайдындарында 10 адам, оның ішінде үш бала көз жұмды. Адамдардың қаза болуы Түркістан (2), Ақмола (2), Ақтөбе (2), Алматы (1), Шығыс Қазақстан (1), Қызылорда (1) және Павлодар (1) облыстарының суайдындарында тіркелді.

Бүгінгі күні елімізде суға шомылуға арналған ресми орындар анықталды, бұл 111 қалалық, 481 жеке жағажайлар.

Адамдардың қаза болуының себептері мен жағдайларын көрсете отырып, суға түсуге тыйым салынған екі мыңнан астам орын анықталды, онда екі мыңнан астам ескерту белгісі және жеті жүзден астам көрнекі стенд орнатылды.

Еліміздің суайдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезеңінде (1 мыңнан астам құтқарушы) қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. 300-ден астам жүзу құралы мен 1000-ға жуық суда құтқару құралы дайындалды.

Елдің суайдындарын қамтуды ұлғайту үшін тұрғындардың суда, қауіпті және қорғалмайтын суайдындарында (табиғи жағажайларда) қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында жедел-құтқару жасақтары 53 мобильді құтқару бекетінің кезекшілігін ұйымдастырды.

Жүзу құралдарында күніне үш реттен кем емес кезеңділікпен тұрақты негізде патрульдеу жүргізіледі. Құтқару бөлімшелерінде судағы ресми демалыс орындарын қамтуды арттыру
үшін қосымша 85 құтқарушы-жасақшы оқытылады.

Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық жасақшылар қатысатын 50 объектілік құтқару бекеттерін құру жоспарланды.

Суайдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту үшін суайдындарында және табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында рейдтер жүргізу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру