Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтықтың саны әлі азаймай тұр

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы облыс тұрғындарын алаяқтардан сақ болуды ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен алаяқтық қылмыстарының алдын алу және болдырмау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға қарамастан, облыс көлемінде өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы адамдардың құқына қол сұғу деректері әлі де орын алады.

Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны 44 жастағы әйел алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден “пәтер алып беремін” деп, Қызылорда қаласы тұрғындарының қаражаттарын иемденген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 230 000 теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, оған Қызылорда қалалық сотының үкімімен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жәбірленушіге келтірілген шығынды
заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары
кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.

Алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру