Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары 102 жастағы әжейге жеке куәлігін ресімдеді

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірге 102 жастағы әжейге жеке куәлік ресімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Т.Садыбеков пен Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А.Аманов Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылына барып, 102 жастан асқан Рахия Ақжановаға жеке куәлігін ресімдеді.

Өз кезегінде 102 жастағы әжей құжаттарын дайындап берген қызметкерлерге алғысын айтып, батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру