Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары жылқы етін ұрлаған күдіктіні құрықтады

Қызылордада біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, бір жілік жылқы етін ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1973 жылы туған азаматша арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйінің пластик терезесін күшпен ашып кіріп, тоңазытқышынан бір жілік жылқы етін ұрлап кеткен.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  осы қылмысқа қатысы бар облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру