Сыртқы бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды
Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18-24 қаңтар күндері аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына әр түрлі сипаттағы 6 324 қоңырау шалынды.Оның 2424-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел басқару орталығы Бейнебақылау тобының инспектоларымен сыртқы бейнекамералары арқылы сегіз қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – алты, бұзақылық – бір, ұсақ-түйек жымқыру – бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 896 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – он алты жайт;
ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 24;
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 43, жол ережесін бұзғандар – 662 , одан басқа да 151 жайт анықталды.