Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұптары жарасқан полицейлер отбасы

Жамбыл облысы Полиция департаментінде жұптары жарасқан полицейлер отбасы қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының тарихында өз елінің игілігі үшін қызмет ететін көптеген қызметкерлер бар, оның ішінде қызметтес отбасылар да сирек емес.

Осындай отбасылардың бірі – Жамбыл облысы Полиция департаментінде қызмет атқаратын жарасымды жұп, Бағлан Баймбетов пен Әсем Ахметова.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының аға анықтаушысы Бағлан мен Тараз қалалық Полиция басқармасының Штаб инспекторы Әсем қызметтік парызына адалдықпен және мамандықтың беделіне құрметпен қарайды.

Бағлан өзінің жары Әсемді алғаш рет өзінің білім алған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы Академиясында кездестірген.

Қазіргі уақытта олардың Аяжан және Айсана есімді екі қызы бар. Уақытпен санаспай, қызмет сапынан табылатын полиция қызметкерлерінің қыздары да ата-анасының мамандығымен мақтанады. Болашақта екеуі де дәл осындай маман иесі атанамыз дейді.

Отбасы кез-келген адамның өміріндегі басты тірек. Ел үшін еңбек ететін осы жауапты жолдың арқасында бір-бірін тауып, отбасын құрған Бағлан мен Әсем жанұяның жылулығымен қатар, қызметтің қиындығын да абыроймен алып жүру үшін аянбай еңбек ететін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру