Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қызметтік иттің көмегімен ұрлыққа қатысы бар азамат анықталды

Талдықорғанда қызметтік иттің көмегімен ұрлыққа қатысы бар азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қалалық ПБ жедел басқару орталығының “102” арнасына ұрлық дерегі бойынша қоңырау түскен. Белгісіз азаматтың Ford Transit автокөлік салонынан құрылыс құрал-саймандарын ұрлап кеткені анықталды.

Ұрлықты ашуға өзінің төрт аяқты көмекшісі – Рокси атты итімен бірге кинолог-полицей жәрдемдесті. Қызметтік-іздестіру ит күдіктінің ізін тауып, нәтижесінде жеке үйге алып барған. Онда полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Ұрланған заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Арнайы деректер базасы бойынша тексеру кезінде ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Жас овчарка Рокси бельгиялық малинуа тұқымынан. Осы уақытқа дейін оның көмегімен шамамен 5-7 қылмыс ашылған. Бүгінгі таңда Жетісу облысы ПД кинологиялық орталығында патрульдеу, іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жарылғыш заттар мен есірткілерді іздеу кезінде пайдаланылатын 24 қызметтік-іздестіру иттері бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру