Талдықорғанда учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмысты күшейтті
Талдықорған қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда тұрғындармен күнделікті профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті профилактикалық іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар шаруа қожалықтарының иелері мен мал ұстаушыларға малды қараусыз қалдырмау, жайылымға бақылаусыз жібермеу қажеттігі түсіндірілді. Бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға бағытталған.

Сауда орындарының иелеріне алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыт аралығында ғана сату қажеттігі ескертіліп, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін өткізуге жол бермеу талаптары түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.
