Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда жасөспірімді тонаған азамат ұсталды

Талдықорғанда жасөспірімді тонаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша жасөспірім баланың анасы арыз жазды, ол 17 жастағы ұлын ұялы ұрып-соғып, телефонын тартып алған белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қалалық полицияға жеткізді. Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін сотталған ересек адам болып шықты.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру